Қостанай орталығында гарнизондық таратылым өтті
Қостанай облысының полицейлері "Қауіпсіз жол" ЖПІШ шеңберінде күшейтілген қызмет режиміне көшті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Басты мақсат — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жолдардағы қауіпсіздікті арттыру.
800-ге жуық полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ауқымды рейдтер мен патрульдеуге қатысып жатыр.
Қостанай қаласының орталығында гарнизондық таратылым өтті.
Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин құқық қорғау органдары алдындағы негізгі міндеттерді белгіледі.
— Полиция алдында маңызды міндет тұр — "Заң және Тәртіп" қағидатын бекіту. Біз бұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, сонымен қатар азаматтарға жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіре отырып, заңның сақталуын қадағалауымыз керек, — деп атап өтті Файзуллин.
ЖПІШ барысында әрекет ету кезеңінде көшелер мен трассалардағы патрульдер саны едәуір артады. Қоғамдық көлікті — автобустар мен таксилерді, сондай-ақ шетелдік тіркелген көлік құралдарын бақылауға ерекше назар аударылатын болады.
Рейдтер жүргізушілерді ғана емес, жаяу жүргіншілерді де қамтиды, бұл апаттың жалпы деңгейін төмендетуге ықпал етуі керек.