Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер мектеп бітірушілерге үндеу жасады

Жамбыл облысында полицейлер мектеп бітірушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шаралар қарсаңында оқушылар мен олардың ата-аналарына жол қозғалысы ережелерін сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы өтініш білдірді.

Құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Патрульдік жасақтар оқу орындары мен іс-шаралар өтетін жерлерге барынша жақындатылып, әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкерлері бекітіледі.

Алайда кәмелетке толмаған бітірушілерге педагогтар мен ата-аналар тарапынан да барлық іс-шаралар аяқталғанға дейін тұрақты бақылау болуы қажет.

Бұл мереке олардың жадында тек жағымды сәттермен қалуы үшін ешқандай төтенше жағдайларға жол берілмеуі керек. Себебі кей кездері заңды өкілдердің өздері балалардың құқық бұзушылық жасауына себепкер болып жатады.

Құрметті бітірушілер, өмірлеріңіздің жаңа кезеңін бастарда заң бұзушылыққа жол бермеңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру