Қызылордада құқық қорғау органдарының қызметкерлері концерт өткізді
Қызылордада құқық қорғау органдарының қызметкерлері концерт өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері бірігіп, ерекше мәдени іс-шара ұйымдастырды. Бұл жолы тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерінен тыс, сахна төріне шығып, елге рухани демалыс сыйлады.
Рәміздер алаңында өткен концертте қызметкерлер Отан, туған жер, елге деген махаббат тақырыптарында әсерлі әндер шырқады. Олар орындаған әндер көрермендердің көңілінен шығып, жүректеріне патриоттық рух сыйлады. Әсіресе, тыңдармандар патриоттық әндерден шабыт алып, елге, жерге деген сүйіспеншілікті тереңірек сезінгендерін айтып өтті.
Шараға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары концерттен ерекше әсер алып, полиция қызметкерлерінің өнерпаз қырларына таңданысын білдірді. Көпшілік оларды қошеметпен қарсы алып, зор алғыстарын жеткізді.
— Бұл шара біз үшін ерекше маңызға ие. Қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатуға, халықпен етене жақын болуға ықпал етеді. Сонымен қатар әріптестеріміздің шығармашылық қабілетін де көрсете білуі – үлкен мақтаныш, — деді ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр саясаты тобының бас маманы Әлішер Беркінбеков.