Екібастұзда полицейлер көше-жол желісіне тексеру жүргізді
Екібастұзда полицейлер көше-жол желісіне тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көше-жол желісінің сақталуын қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген жер жұмыстарына байланысты бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері жеке сектордың көше-жол желісіне кешенді тексеру жүргізді.
Тексеру барысында жол жабындысының зақымданғаны мен уәкілетті органдардың келісімінсіз жүргізілген қазбалардың анықталуына ерекше көңіл бөлінді. Мұндай әрекеттер инфрақұрылымға зиян келтіріп, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Тексеру нәтижесінде жеке тұлғалар тарапынан құқық бұзушылық фактілері тіркелді. Құқық бұзушыларға қатысты жол-техникалық инспекция қызметкерлері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабы 1-бөлімі (Автомобиль жолдарын зақымдау және оларды сақтау талаптарын бұзу фактілері) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Аталған іс-шаралар көлік тәртібінің деңгейін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және көше-жол желісінің тиісті жай-күйін қамтамасыз етуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу профилактикалық шеңберінде өткізілді.