Павлодар облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шаралар өткізіп жатыр
Павлодар облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шаралар өткізіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер білім беру және медициналық мекемелердің ұжымдарымен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, сауда нүктелерінің және барлық меншік нысанындағы басқа да объектілердің қызметкерлерімен кездесулер өткізуде. Сондай-ақ тәртіп сақшылары көшедегі адамдарға жадынамалар таратып, жалпы алдау схемалары туралы ескертіп жатыр.
Полиция алаяқтардан қалай қорғану керектігін түсіндіруде: бейтаныс нөмірлерден келіп түскен қоңырауларға жауап бермеңіз; жауап бермес бұрын желідегі нөмірлерді тексеріңіз; карта деректері мен SMS кодтарын хабарламаңыз.
Сондай-ақ қауіпсіздік бойынша кеңестер беруде: егер Сізге таныс емес адам қоңырау шалса, әңгімені үзіп, нөмірді бұғаттаңыз; үрейленбеңіз.
Тәжірибе көрсеткендей, жоғары тәуекел тобына негізінен қаржылық сауаттылығы төмен зейнеткерлік жастағы адамдар жатады. Дегенмен, мұғалімдер, дәрігерлер, қызметшілер де кибералаяқтардың құрбаны болуы мүмкін.