Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жазасын өтеушілерге "Қоғамнан шеттетілу" тақырыбында дәріс ұйымдастырылды

Қызылорда облысында жазасын өтеушілерге "Қоғамнан шеттетілу" тақырыбында дәріс өтт, - деп хабарлайды Polisia.kz.

8 тамызда Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілермен тәрбиелік бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған кездесуге Қызылорда облысы Дін істері басқармасының теологы Едіге Жұмахметов арнайы шақырылып, "Қоғамнан шеттетілу" тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында 11 сотталған азаматқа қоғамнан оқшауланудың ұғымы, оның адам өміріндегі әлеуметтік және психологиялық салдарлары жан-жақты түсіндірілді. Теолог кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, діни және адами тұрғыдан дұрыс жолды ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Сотталған азаматтар бұл дәрістің өздеріне ерекше әсер еткенін атап өтті.

— Бұл кездесу маған көп ой салды. Қоғамнан алшақтап қалмау үшін ең алдымен өзіміз өзгеруіміз қажет екенін түсіндім. Осындай шаралар бізге дұрыс бағыт береді. Ертең бостандыққа шыққанда, қоғамға бейімделуге көмектеседі, — деді жазасын өтеушілердің бірі.

Мұндай тәрбиелік кездесулер сотталған азаматтардың оң көзқарасын қалыптастыруға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне серпін беруді мақсат етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру