Абай облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Абай облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысына қарасты Шар қаласында полиция қызметкерлері Қарасора жедел алдын алу іс-шарасы барысында көлік тізгінінде отырған құқық бұзушыны анықтады.
Тәртіп сақшылары Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатып, жүргізушіге қатысты тексеру жүргізген. Нәтижесінде, 45 жастағы азаматтың бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, ол қайтадан көлік басқарған.
Автокөлік айыптұрағына қойылып, азаматқа қатысты іс құжаттары жинақталып, сотқа жолданды.
Полиция тұрғындарды жол ережелерін сақтауға және көлік жүргізу кезінде заң талаптарына мұқият болуға шақырады. Құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы – тек заң бұзушылық емес, сонымен бірге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп екені ескертіледі.