Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында шағын футболдан турнир өтті

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасында шағын футболдан турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сырдария аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында шағын футболдан турнир өтті. Шараның басты мақсаты – қоғамнан оқшауланбаған сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу, спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты қалыптастыру болды.

Жарысқа үш команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Финалдық кезеңде үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды.

– Бұл турнир бізге тек футбол ойнау ғана емес, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жаңа қырларымызды ашуға мүмкіндік берді. Командалық бірліктің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Осындай мүмкіндік жасаған пробация қызметкерлеріне алғыс білдіреміз, – деді қатысушылардың бірі.

Өз кезегінде пробация қызметінің бастығы Асылжан Сақыбеков мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті:

– Спорттық жарыстар сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізуіне, қоғаммен араласуына және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді. Біздің мақсатымыз – тек бақылау жүргізу емес, оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, қоғамға бейімдеуге көмектесу. Алдағы уақытта да осындай тәрбиелік іс-шаралар жалғасын табатын болады, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру