Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер есірткі жасырумен айналысқан күдіктілерді ұстады

Елордада полицейлер есірткі жасырумен айналысқан қыз бен жігітті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полицейлері заңсыз есірткі айналымына тосқауыл қою барысында синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық акциясы аясында өтті. Тексеру барысында «KIA RIO автокөлігі тоқтатылып, ішінде 31 жастағы ер адам мен 22 жастағы қыз болған.

Көлік салонын тінту кезінде сөмкеден ақшыл түсті ұнтаққа ұқсас зат салынған 20 орама табылды. Бұдан бөлек, азаматшаны жеке тінту кезінде осындай тағы 10 орама анықталды.

Жедел топ күдіктілердің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, жатын бөлмеден дәл сондай 53 ораманы тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттың есірткі құралы — мефедрон екені анықталды.

Тексеру барысында күдіктілердің шамамен бір жыл бойы Telegram желісі арқылы синтетикалық есірткіні таратумен айналысатын интернет-дүкенге "қоймашы-тасымалдаушы" қызметін атқарғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам мен қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция тұрғындарды есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет туралы мәліметті дереу "102" нөміріне хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру