Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда Конституция күніне орай "Нашақорлықсыз әлем" атты жүгіру жарысы өтті

Қостанайда Конституция күніне орай "Нашақорлықсыз әлем" атты жүгіру жарысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Конституция күніне арналған "Нашақорлықсыз әлем" атты спорттық акцияға қатысты. Бұл бастама қоғамның назарын нашақорлық мәселесіне аударып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткінің зиянын еске салумен қатар, оған балама бар екенін көрсету: спорт, белсенді қозғалыс пен саналы өмір салты. Жүгіру жарысына қатысушылар "Денсаулық – өз қолымызда" деген ұранмен бірікті.

Полиция қызметкерлері мұндай акциялардың өсіп келе жатқан ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті. Өздерінің үлгісі арқылы олар жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастырып, болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

Жүгіру жарысы мемлекеттік мерекеге арналған профилактикалық шаралар топтамасының бір бөлігі болып, әр адамның дұрыс таңдауынан дені сау қоғам қалыптасатынын тағы бір мәрте еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру