Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Бақытты отбасы – бақытты ел": Алматыда полицейлер тақырыптық дәрістер циклін өткізуде

Алматыда полицейлер тақырыптық дәрістер циклін өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында республикалық "Бақытты отбасы – бақытты ел" науқаны жалғасып жатыр. Шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, қоғамда өзара құрмет пен сенім мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Аталған науқан аясындағы кезекті іс-шара Әуезов ауданында өтті. Полицейлер Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арнап тақырыптық дәріс ұйымдастырды. Кездесу барысында мамандар заңнамадағы негізгі ережелерді түсіндіріп, тәжірибеден мысалдар келтірді және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктеріне ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған "Заң және тәртіп" қағидаттарының маңыздылығы да кеңінен атап өтілді.

Кездесуде әрбір отбасылық келеңсіз жағдайға дер кезінде араласу мен көмек көрсету қажеттігі айтылды. Полицейлердің айтуынша, олардың профилактикалық жұмысы тек әрекет етуге ғана емес, сонымен бірге жанжалдардың алдын алуға бағытталған.

- Отбасы – қоғамның берік іргетасы. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір азаматтың өз үйінде өзін қауіпсіз сезінуін қамтамасыз ету. Бүгін біз тек құқық бұзушылықтар үшін жазалау туралы ғана емес, алдын алу, сенімді диалог пен дер кезінде қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы айтып отырмыз. "Заң және тәртіп" қағидатының мәні де осында – мемлекет пен қоғам бірге ең басты құндылықтарды қорғайды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Сонымен қатар науқан аясында халықты ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Полицейлер азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері немесе дерегі туындаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды. Атап айтқанда, "102" нөміріне хабарласуға және дағдарыс орталықтарының қызметіне жүгінуге болатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру