Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер жасөспірімдерге профилактикалық дәріс өткізді

"Учаске" жедел алдын алу іс-шаралары аясында Баянауыл ауданының полицейлері оқу орындарында кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық дәрістер өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері негізгі назарды жол қауіпсіздігі мәселелеріне аударды. Жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі, көшеден өткенде кезде мұқият болу және қараңғы уақытта жарық қайтарғыш элементтерді пайдалану керектігі ескертілді.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдердің өз әрекеттері үшін жауапкершілігін арттыру.

Кездесулер барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіріп, құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы мысалдар келтіреді. Ерекше көңіл буллингтің алдын алу мәселелеріне бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру