Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция қызметкерлеріне арналған арнайы дәріс пен практикалық сабақтар өтті

Абай облысында полиция қызметкерлеріне арналған арнайы дәріс пен практикалық сабақтар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлердің күйзеліске төзімділігін арттырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрі тиімді әрекет ету қабілетін жетілдіру мақсатында Абай облысы полиция департаментінде кезекті оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастамасымен, арнайы кәсіби даярлық басқармасының инспектор-психологының қатысуымен өтті.

Оқыту бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Дәріс барысында полиция қызметінің ерекшелігіне тән психоэмоциялық жүктемелердің алдын алу тәсілдері, күйзеліспен күрес жолдары және ішкі мотивацияны сақтаудың тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, өзара әрекеттесу мәдениетін дамыту, шиеленісті жағдайларда өзін-өзі бақылауды жетілдіру мәселелері де қарастырылды.

Практикалық сабақтар экстремалды ахуалдарға бейімделуге арналған жаттығулармен жалғасын тапты. Қатысушылар қызметтік жағдайларға ұқсас стресс модельдерін бастан өткеріп, түрлі тапсырмалар орындады. Бұл олардың жедел шешім қабылдау, эмоцияны бақылау және топпен үйлесімді жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Мұндай тәжірибе қызметкерлердің жеке сенімділігін арттырып, күтпеген жағдайларда дұрыс бағыт табуға үйретті.

Аталған іс-шара тек кәсіби қабілеттерді шыңдап қана қоймай, полиция қызметкерлерінің психологиялық саулығын нығайтуға да бағытталды. Қатысушылар төтенше сәттерде өзара қолдау көрсетудің маңыздылығын ұғынып, сенімді әрекет ету машықтарын бекіте түсті.

Болашақта осындай оқыту бағдарламаларын жүйелі түрде өткізу арқылы полиция қызметінің сапасын арттыру және жеке құрамның кәсіби тұрақтылығын күшейту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру