Павлодарда полицейлер бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне үміткерлерді қабылдады
Павлодар қаласы полиция басқармасының офицерлері еңбек күніне орай жастар бастамалары орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараға түрлі ұйымдардың өкілдері жиналды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер әлеуметтік пакет, жеңілдіктер, мансаптық мүмкіндіктер және әртүрлі бөлімшелердің – патрульдік-постық қызметтен бастап тергеу және жедел басқармаларға дейінгі жұмыс ерекшеліктері туралы айтты. Құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге қызығушылық танытқан жастарға кеңес беріліп, әрі қарай байланыс орнату үшін ақпараттық парақшалар таратылды.
- Құқық қорғаушылардың қатысуымен өткен жәрмеңке мұндай іс-шаралардың кадр тапшылығын азайтып қана қоймай, азаматтардың полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға үлес қосатынын көрсетті. Бүгінгі жәрмеңке жастармен тікелей сөйлесіп, біздің мамандығымызға қатысты қалыптасқан стереотиптерді бұзуға тамаша мүмкіндік, – деді олар.
- Ішкі істер органдарындағы қызмет – жай ғана жұмыс емес, ол – миссия. Біз заң мен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қорғауға дайын, ынталы әрі жауапты адамдарды іздейміз. Біз әрқашан өз қатарымызда лайықты, мақсатшыл жандарды көргенімізге қуаныштымыз, – деп атап өтті Жәнібек Қабышев.