Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар жәрмеңкеден жұмыс тапты

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар жәрмеңкеден жұмыс тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, тұрақты жұмыспен қамтылу мүмкіндігіне ие болды.

Аудандық мансап орталығы ұйымдастырған шараға жұмыс іздеушілермен бірге пробация есебіндегі азаматтар да қатысты. Жәрмеңке нәтижесінде екі сотталған азамат жол құрылысы саласына жұмысшы ретінде жолдама алды.

- Жәрмеңкеге келіп, мамандардан кеңес алдым. Жол құрылысына жұмысшы болып орналасуға мүмкіндік берілді. Қазір жұмыс табу оңай емес, сондықтан адал еңбегіммен отбасымды асырауға жағдай туғанына қуаныштымын, – деді пробация есебінде тұрған азаматтың бірі.

Қазіргі таңда Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде 70-тен астам адам бар. Оларды қоғамға бейімдеу, еңбекпен қамту және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында осындай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру