Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жас сақшылар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті

Шымкентте жас сақшылар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласындағы "Металлург" стадионында "Жас сақшы" және "Жас динамо" кадет сыныптары арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Кубогына арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті.

Салтанатты шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген 200-ден астам жас сақшылар қатысты. Турнирдің негізгі мақсаты жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау және патриоттық тәрбиені нығайту.

Турнирді "Динамо" ДШСҚ республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков спорттық шараның ресми ашылуымен құттықтап, жас спортшыларға қолдау көрсетті.

Шара №45 мектеп-гимназиясының оқушылары орындаған әсерлі барабан шоуымен басталды. Сондай-ақ авиа модельдеу бойынша спортшыларымен аэрошоу қойылып, көше гимнастикасы – воркаут бойынша халықаралық турнир жүлдегерлері өнер көрсетті. Бейбітшілік пен достықтың символы ретінде көкке ақ көгершіндер ұшырылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша 4-орын Түркістан облысына, 3-орын Ақмола облысына, 2-орын Жетісу облысына бұйырса, Астана қаласының жас сақшылары чемпион атанып 1-ші орынды жеңіп алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир еліміздің болашағы саналатын жас буынға спорт арқылы тәрбие беріп, еліне деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру