Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған бірнеше азамат жауапқа тартылды
Павлодарда Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзған бірнеше азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қазаннан бастап "Заңсыз келуші - 2025" жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде. Шараның мақсаты заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың алдын алу.
"Заңсыз келуші - 2025" ЖПІШ-нің бірінші күні полицейлер Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзған 57 шетелдік азаматты жауапқа тартты.
Атап айтқанда, Павлодар облысының Ертіс ауылында Қазақстан Республикасының аумағына жекеменшік визамен келген көрші мемлекеттің азаматы анықталды. Заңда белгіленген мерзімде азамат өз еліне қайтпаған. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Айта кету керек, "Заңсыз келуші - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы 17 қазанға дейін жалғасады.
Полицейлер азаматтар мен қонақтардан көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.