Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер оқушылармен кездесті

Талдықорғандағы №29 орта мектепте полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қауіпсіздік сабағы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жас ұрпаққа өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды, өмірлік дұрыс таңдау жасаудың маңызын түсіндіру.

Полицейлер оқушыларға жақсылық пен жамандықты ажырата білу, әр әрекеттің салдарын түсіну және жауапты шешім қабылдау қажеттігін айтты. Әр адамның болашағы өз қолында екенін, ал заманауи қоғамда тұлға ретінде қалыптасу адалдықтан, айналадағы адамдарға құрметтен және заңды сақтаудан басталатынын ерекше атап өтті.

Сабақ барысында оқушылар қызығушылықпен сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті, өмірден мысалдар келтірді. Полиция қызметкерлері күнделікті өмірдегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шараларына да ерекше назар аударды. Мұндай кездесулер балаларға заңның рөлін тереңірек түсінуге және дұрыс шешім қабылдаудың маңызын ұғынуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру