Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде "Жас сақшы" полиция сыныбы ІІО ардагерлерімен кездесті

Ақтөбеде "Жас сақшы" полиция сыныбы ІІО ардагерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде №65 мектептің "Жас сақшы" полиция сыныбы ішкі істер органдары ардагерлерімен ашық сабақ өтті. Еркін форматта өткен шара ұрпақтар сабақтастығының, патриоттық тәрбиенің айқын үлгісіне айналды.

Кездесудің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайту болды.

ІІО ардагерлері оқушылармен өзінің көпжылдық қызмет тәжірибесімен бөлісіп, полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы туралы айтып берді. Олар адалдықты, тәртіпті және халыққа қызмет етудің маңызын ерекше атап өтті. Сондай-ақ кездесуде рухани тәрбие, отансүйгіштік пен қоғам алдындағы борыш сезімін қалыптастыру мәселелеріне де баса назар аударылды. Полицейлер жас сақшыларға жол жүру ережелері мен қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін еске салып, түрлі төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керегін айтты.

Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, полицей мамандығына деген құрметті қалыптастыруға және жастарды дұрыс өмірлік бағыт таңдауға ынталандырады. Кездесу соңында жас сақшылар қонақтарға мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сабақ үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру