Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада адам саудасының алдын алу бойынша дәріс өтті

Елордада адам саудасының алдын алу бойынша дәріс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар арасында адам саудасына қарсы іс-қимыл, жезөкшеліктің алдын алу және жыныстық пайдалану фактілерінің жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруды жалғастыруда.

Осы бағытта басқарма қызметкерлері №6 гимназияның жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, оларға адам саудасының түрлері, оның қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін салдары туралы жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында нақты мысалдар келтіріліп, адам саудасына тартудың заманауи тәсілдері мен интернет арқылы сенімге кіріп, алдау жолымен пайдалану жағдайлары талқыланды.

Полицейлер адам саудасының құрбандары көбіне өз құқықтарын білмеу немесе көмек сұрауға ұялу себебінен дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінбейтінін атап өтті. Осыған байланысты қатысушыларға күмәнді ұсыныстар мен таныстардан сақ болу, белгісіз тұлғалармен шетелге жұмысқа шығу немесе табыс табу мақсатындағы келісімшарттар жасау кезінде аса мұқият болу керектігі түсіндірілді.

Полиция өкілдері жәбірленушілерге мемлекет тарапынан құқықтық және психологиялық көмек көрсетілетінін, сондай-ақ арнаулы орталықтар мен сенім телефондарының тәулік бойы жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ қатысушыларға адам саудасының алдын алу жөніндегі жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру