Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Абай облысында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының аумағында 2025 жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейін табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымына тосқауыл қою және экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында республикалық "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Шара басталғалы бері полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 30 фактісін анықтады. Оның ішінде 14 дерек — аң аулау ережелерін бұзуға қатысты. Рейдтік тексерістер кезінде рұқсат құжаттарынсыз аңшылықпен айналысқан азаматтар анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар балық аулау ережелерін бұзудың 8 фактісі тіркелді. Тыйым салынған аумақтарда, уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ заңсыз құралдар — тор мен электр тогын пайдалану арқылы балық аулау жағдайлары әшкереленді.

Бұдан бөлек, тіркелмеген қаруды сақтау және пайдалану бойынша 2 дерек анықталып, азаматтардан есепке алынбаған аңшы мылтықтары тәркіленді. Аталған тұлғаларға қатысты тиісті әкімшілік материалдар рәсімделді.

Полиция браконьерліктің алдын алу, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи байлықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру