Полиция туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз етуде
Жетісу облысында полиция туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында полиция қызметкерлері шетелдік туристердің қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды жалғастыруда.
Аймақ қонақтарына ыңғайлы болу үшін Алакөл ауданының Достық станциясында арнайы QR-коды бар ақпараттық карталар таратылуда. Аталған карталар арқылы туристер заманауи цифрлық сервистерге жедел қол жеткізе алады.
QR-код арқылы қолжетімді интерактивті картада қонақүйлер, мейрамханалар, мәдени және тарихи нысандар, сондай-ақ тұрақты әрі қауіпсіз интернет ұсынатын байланыс операторлары туралы мәліметтер қамтылған.
Сонымен қатар мобильді қосымшада такси шақыру қызметі де қарастырылған, бұл өңір бойынша қозғалысты анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді.
Осындай бастамалар арқылы Жетісу облысында полиция Қазақстанның туристік әлеуетін арттырумен қатар, шетел азаматтарының жайлы және қауіпсіз демалысын қамтамасыз ете отырып, елдің халықаралық беделін нығайтуға өз үлесін қосуда.
						