Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 15 дерегі анықталды

Павлодар облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 15 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазан мен 19 қараша аралығында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған республикалық "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Рейдтік іс-шаралар барысында Железин ауданында полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 15 дерегін анықтады. Атап айтқанда, аң аулау қағидаларын, балық аулау ережелерін бұзу, азаматтық қаруға арналған оқ-дәрілерді тасымалдау тәртібін сақтамау, сондай-ақ тіркелмеген қаруды сақтау фактілері тіркелді.

Мысалы, ауданның екі тұрғыны Безводное ауылы маңында тиісті рұқсат құжаттарынсыз борсықты аулау мақсатында оның інін қазумен айналысқан. Аңшылық ережелерін бұзғаны үшін полицейлер аталған азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылдады.

Полиция қызметкерлері азаматтарға аңшылық ережелерін қатаң сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымы болып табылады. Заң бұзған әрбір азамат өз әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру