Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 930 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 66 адам қаза тапты, 1319 адам жарақат алды.

– Рульде қалғып кету – жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін себептерінің бірі. Жүргізушінің кенеттен қарсы жолаққа шығып кетуі оның рульде ұйықтап кету ықтималдығын көрсетеді, – дейді Павлодар облысының ПД қызметкерлері.

Ұзақ жолға шығар алдында жүргізушілерге өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау ұсынылады. Жолдағы жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкін және ол әрдайым сізге байланысты емес. Сондықтан рульде әрдайым мұқият болу маңызды.

Полицейлер ұзақ уақыт көлік жүргізу адамның күшін азайтып, шаршататынын, ал шаршаған жүргізушінің жолда жоғары қауіп төндіретінін атап өтті. Бұл жағдай тек жүргізушінің өзіне емес, басқа адамдарға да ауыр зардап әкелуі мүмкін.

Тәртіп сақшылары рульде қалғып кетпеу үшін жолға шығар алдында жақсылап ұйықтап, ұйқышылдық тудыратын дәрі-дәрмектерді қабылдамауды кеңес береді. Сондай-ақ жолаушылармен сөйлесіп отыру – бұл ми қызметінің жұмысын арттырады, ал салонды салқын ұстау – сергек отыруға көмектеседі. Әр екі сағат сайын аялдама жасап, демалып отыру қажет. Тіпті өзіңізді шаршамадым деп сезінсеңіз де, аялдау кезінде жеңіл жаттығулар жасау немесе 15–20 минут мызғып алу жолдағы қауіпсіздігіңізді арттырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру