Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда алаяқтарға көмектескен азамат жауапқа тартылды

Павлодар обылысының тұрғыны алаяқтарға қолма-қол ақша шығарып беруге көмектескені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қалалық соты ақшаны заңсыз айналымға шығару схемасына қатысы бар Ақсу қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сотталушы өзіне тиесілі банк карталарын және дербес мәліметтерін қылмыстық топқа берген. Картаны пайдаланған алаяқтар азаматтардан ұрланған 1 200 000 теңгені қолма-қол шешіп алған. Аталған азамат алаяқтық операцияларды жүзеге асыруға ықпал етіп, жәбірленушілерге айтарлықтай материалдық шығын келтірген.

Сот үкімімен ер адамға бостандықты шектеу жазасы тағайындалды. Үкімді орындау аясында пробация қызметкерлері оның мекенжайын және міндеттемелерді орындауын бақылау үшін сотталушыға электронды қадағалау білезігін тақты.

Банк карталарын, деректемелерді беру немесе күмәнді қаржы схемаларына қатысу қылмыстық жауапкершілікке және ауыр құқықтық салдарға әкеледі, — деді Ақсу қаласының пробация қызметінің бастығы Олжас Қалымов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру