Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция шетелдік азаматтар жұмыс істейтін нысандарда рейд жүргізді

Павлодар облысында полиция шетелдік азаматтар жұмыс істейтін нысандарда рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік азаматтар жұмыс істейтін орындарда ақпараттық рейдтер өткізіп, Қазақстанның заңнамаларын түсіндіріп, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетуде.

– Біз Екібастұз қаласындағы "EkibastuzFerroAlloys" ЖШС-де шетелдік азаматтармен кездестік. Кездесу барысында шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу қағидалары, визалар мен рұқсаттарды ұзарту тәртібі, көші-қон есебі мәселелері, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік талқыланды. Құжаттарды уақытылы рәсімдеудің және белгіленген талаптарды сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.

Ведомство өкілдері қатысушыларға safetravel.kz сайтына қолжетімділік туралы ақпарат берілгенін және туристік карталар таратылғанын атап өтті.

Көші-қон қызметінің мамандары осындай кездесулерді шетелдік азаматтар еңбек ететін барлық нысандарда өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру