Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Жетісу облысына іссапармен барды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сарсенов Жетісу облысының полиция департаментіне барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапардың негізгі мақсаты – өңірлік полицияны цифрландыру барысын тексеру және енгізіліп жатқан технологиялардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тиімділігін бағалау.

Соңғы жылдары департамент құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел-қызметтік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді. Тек осы жылдың өзінде негізгі жобаларды жаңғырту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды: ақпараттық-коммуникациялық жүйелер, бейнеаналитика құралдары, мобильді кешендер және смарт-технологиялар енгізілді.

Ауқымды бағыттардың бірі – “Кілеммен жабу” жобасын дамыту. Оның аясында бейнекамералардан түсетін деректерді Жедел басқару орталығына (ЖБО) және кезекші бөлімдерге жүйелі түрде шығару қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда облыс аумағында 43 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 20 мыңнан астамы ЖБО-ға қосылған.

Облыстағы мектептердің басым бөлігі қазіргі қауіпсіздік талаптарына сай – бейнекамералар және “SOS” дабыл түймелерімен жабдықталған. Полицияның барлық қызметтік кабинеті 100% бейнебақылаумен қамтылған және ІІМ-нің бірыңғай “ЕГСВ-2” платформасына қосылған, бұл қызметтік әрекеттердің ашықтығын және бақылауды арттырады.

Сонымен қатар департамент 150 электрондық білезікпен толық қамтамасыз етілген және олар қазіргі уақытта қолданыста.

Сервис моделі аясында облыстағы барлық сыртқы қызмет жаңа буындағы смарт-видеожетондармен жабдықталды. Бұл қызметтік іс-әрекеттерді егжей-тегжейлі тіркеуге мүмкіндік беріп, азаматтардың сенімін айтарлықтай арттырады.

Қоғамдық орындарға кез келген оқиғаға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін 25 “SOS” түймесі орнатылған.

Азаматтарға ыңғайлы қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдаудың омниканалды жүйесі дамуда. Талдықорғанда “102” қосымшасы операторлары үшін 3 жұмыс орны құрылған, тағы 9 нүкте аудандық бөлімшелерде жұмыс істейді.

Өңірде цифрлық радиобайланыс жүйелері де қарқынды дамуда – қазіргі уақытта Tetra және DMR жүйесінің 7 станциясы орнатылған.

“102” желісі бойынша хабарламаларды автоматты тіркеуді қамтамасыз ететін ОЦУ 2.0 бағдарламалық қамтамасыз етуі аудандық деңгейге дейін енгізілген және тәулік бойы жұмыс істейді.

Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда: өңірде ПДД бұзушылықтарын тіркейтін Ekin-patrol G2 мобильді кешендері қолданылады.

Сондай-ақ департамент қоғамдық тәртіпті бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қолжетімсіз және ауылдық аймақтарды мониторингілеу үшін пайдаланылатын 43 ұшқышсыз ұшу аппаратымен жабдықталған.

Сапар қорытындысында министрдің орынбасары цифрлық технологиялардың негізгі бағыттарының жұмысын жеке тексеріп, жаңа жедел басқару орталықтарының функционалымен танысты, сондай-ақ өңірдегі апатты-қауіпті аумақтар мен жуырда ашылған аудандық ЖБО-ларды аралап көрді.

Ішкі істер министрінің орынбасарының бұл жұмыс сапары Жетісу облысы полициясының цифрлық трансформация үдерісіне баға берудегі маңызды кезең болды. Бүгінде өңір құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қауіпсіз, технологиялық және ашық жүйе құруға нық қадам басып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру