Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда жалған нөмір таққан автокөлік анықталды

Орал қаласында жалған құжаттары бар автокөлік анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында полиция қызметкерлері жалған құжаттарды пайдаланған автокөлікті анықтады. Қызмет атқару барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Көлік құралын 29 жастағы қала тұрғыны басқарған.

Құжаттарды тексеру кезінде автокөліктің техникалық паспортының жалған екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша жүргізуші мен көлік құралы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Полиция азаматтарға ескертеді: көрінеу жалған құжаттарды пайдалану — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру