Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы 400-ге жуық брошюра таратылды

Атырауда жыл басынан есірткі қылмысына қарсы 400-ге жуық брошюра таратылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында есірткі қылмысының алдын алу және халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Осы орайда Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардың бірі — "Infinity" ірі ойын-сауда орталығында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынама парақтарын таратты. Іс-шара барысында тұрғындарға есірткі заттарының қауіптілігі, олардың адам ағзасына және психикасына тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы есірткі тәуелділігінің алдын алу жолдары, әлеуметтік желілер мен көшеде кездесетін қауіптер, сенімді достар мен отбасымен байланыс орнатудың маңыздылығы, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз қолданудың қылмыстық жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді.

Айта кетейік, облыс аумағында жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 400-ге жуық брошюра таратылған.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды есірткіден аулақ болуға және өз денсаулығы мен болашағын қорғауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру