Қызылордада полицейлер студенттермен құқықтық кездесу өткізді
Қызылорда облысында полицейлер студенттермен құқықтық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласында студенттер мен жастардың құқықтық санасында "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту, оларда жоғары азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесулер үздіксіз жалғасуда.
Қызылорда қаласы полиция басқармасы басқармасы бастығының орынбасары Нұрмахан Пазылов және бөлім басшыларымен бірге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті.
Іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Іс-шара қатысушылары заңдылықты сақтаудың, қоғамдық тәртіпті нығайтудың және әрбір азаматтың қоғамдағы тәртіпті сақтауға қосқан жеке үлесінің маңыздылығын талқылады. Полиция басқармасының өкілдері жастарға оңай табыс табу, дроппер үшін жауапкершілік және нашақорлықты таратуға қатысу қаупі туралы тағы да еске салды. Жасырын алынған есірткіні, есірткі жарнамалары табылған жағдайда, сондай-ақ есірткі курьері ретінде жұмыс істеу туралы ұсыныс түскен кезде қалай әрекет ету керектігі туралы нақты ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар киберқылмыстың негізгі түрлерін, интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық схемаларды, сондай-ақ жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау тәсілдерін түсіндірді.
Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, заңға деген құрметін нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.
