Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 150-ге жуық әскери қызметшіге арналған қауіпсіздік сабағы өтті

Абай облысында 150-ге жуық әскери қызметшіге арналған қауіпсіздік сабағы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Осы орайда өңір полицейлері әскери бөлімдермен өзара іс-қимыл аясында маңызды профилактикалық іс-шара өткізді.

Полицейлер әскери қызметшілерге арналған "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға 150-ге жуық әскери қызметші қатысты.

Сабақ барысында полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға отбасындағы жанжалдардың алдын алу, эмоцияны басқару, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

Сонымен қатар әскери қызметшілерге зорлық-зомбылық белгілері анықталған жағдайда жәбірленушілерге көрсетілетін көмек тетіктері, полиция органдарына жүгіну тәртібі және қорғау нұсқамалары туралы ақпарат берілді. Полицейлер заңды білу – әр азаматтың міндеті екенін атап өтіп, құқықтық сауаттылықтың отбасылық тұрақтылықтың негізі екеніне ерекше назар аударды.

Іс-шарада әскери қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай ашық диалог құқық қорғау органдары мен әскери қызметшілер арасындағы сенімді нығайтып, ортақ мақсат – қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру