Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ҚАЖ қызметкерлері ауған соғысының ардагеріне қолдау көрсетті

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері ауған соғысының ардагеріне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ қызметкерлері ардагердің үйіне барып, оның ерлігі мен әскери борышына адалдығы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ тұрмыстық жұмыстарға қолғабыс жасады. Қыс мезгілінде қолдау аса маңызды болғандықтан, қызметкерлер аула мен үй маңын қардан тазартып, отын жарып берді.

Мұндай кездесулер – тек жауынгер-интернационалистердің ерлігін еске алу мен құрметтеудің белгісі ғана емес, сонымен қатар ел алдындағы борышын абыроймен атқарған азаматтарға нақты қолдау көрсету жолы. Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері ардагерлерге қамқорлық танытып, сол ауыр әрі тарихи жылдардағы оқиғаларды ұмытпай есте сақтау, жас ұрпаққа өнегелі үлгі көрсету – өздерінің басты міндеті екенін атап өтті.

Жергілікті соғыстар мен қақтығыстарға қатысқан әрбір азаматтың ерлігі – халық жадында мәңгі қалатын, ұрпаққа тәлім мен рух беретін баға жетпес тарих.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру