БҚО-да "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында профилактикалық кабинеттер жұмысы күшейтілуде
Батыс Қазақстан облысында Ішкі істер министрлігінің бастамасымен "Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы" Заң және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған бастаманың маңызды бағыттарының бірі – профилактикалық кабинеттердің қызметін ұйымдастыру. Бұл кабинеттер криминогендік ахуалға ықпал ететін әлеуметтік қауіптердің алдын алуға арналған үйлестіруші алаң ретінде жұмыс істейді.
Профилактикалық кабинеттердің негізгі міндеттері:
-
құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмысты үйлестіру;
-
профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру;
-
азаматтарды қабылдап, жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Бұл орталықтарда алкоголизм, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, девианттық мінез-құлық секілді әлеуметтік мәселелердің алдын алуға ерекше назар аударылады.
Кабинеттер қызметіне түрлі сала мамандары тартылған. Атап айтқанда:
-
полиция қызметкерлері – құқықтық кеңес береді;
-
психологтар – тәуекел топтарымен жұмыс жүргізеді;
-
нарколог-дәрігерлер – тәуелділіктің алдын алу бағытында көмек көрсетеді;
-
медициналық қызметкерлер – алғашқы кеңес беріп, қажетті мекемелерге жолдайды;
-
әлеуметтік қызметкерлер – қолайсыз отбасыларды қолдау шараларын жүзеге асырады.
Мұндай кешенді тәсіл құқық бұзушылықтың себептерін ерте кезеңде анықтап, оның алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта профилактикалық кабинеттер облыстың барлық аудандарында ашылып, тұрақты түрде жұмыс істеуде. Бұл бастама қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Аталған кабинеттер құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын ерте кезеңде анықтап, уақтылы алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
