Астаналық оқушыларға полицияның заманауи технологиялары таныстырылды
Наурыз мерекесі аясында Астанада ішкі істер органдары қызметіндегі цифрлық трансформация мен инновациялық шешімдерге арналған Жаңару күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жедел басқару орталығында ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шараға патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының қолдауымен №55 мектепте құрылған Марғұлан Қонаев атындағы "Жас сақшы" сыныбының оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи цифрлық жүйелердің жұмысы таныстырылып, жедел басқару орталығының қызметі көрсетілді. Оқушылар полицияның технологияларды қолдану арқылы оқиғаларға жедел әрекет етуі мен қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тетіктерін тәжірибе жүзінде көрді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ішкі істер органдарына деген сенімді қалыптастыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында полиция қызметінің беделін көтеруге бағытталған.
