Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде "Полиция Барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды

Ақтөбеде "Полиция Барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында облыстық полиция департаменті қызметкерлері арасында ұлттық күрестен дәстүрлі "Полиция Барысы" турнирі өтті. Жарыс "Жекпе-жек" спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған 20 полиция қызметкері қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Апсеттаров қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, бәсекенің әділ әрі тартысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Белдесулер басталар алдында ардагерлер мен полиция қызметкерлеріне "Динамоға – 100 жыл" мерейтойлық медальдары табысталды.

Тартысты өткен белдесулер қорытындысы бойынша үшінші орынды ПД инспекторы Ақниет Тұрымбаев иеленді. Екінші орын ПД ЖҚАЖ инспекторы Мейірбек Орынғалиевке бұйырды. Ал "Полиция Барысы" атағын ПД ЖҚАЖ қызметкері Ерасыл Амангелді жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби шеберлігін көрсетті.

Полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Серік Тілембаев мұндай жарыстардың қызметкерлердің кәсіби дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.

- Осындай турнирлер полиция қызметкерлерінің дене дайындығын нығайтып, командалық рухты қалыптастырады, сондай-ақ төзімділікті арттырады. Полиция қызметкері үшін күш, тәртіп пен сабырлылықтың маңызы зор, өйткені бұл қызметтің тиімділігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, – деді Серік Тілембаев.

Дәстүрлі "Полиция Барысы" турнирі спорттық дәстүрлерді дамытуға, ұжымдық рухты нығайтуға және қызметкерлердің дене дайындығы деңгейін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру