Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілермен кездесті

Алматы облысында полицейлер Қонаев қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілермен жүздесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты — балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қамқорлық көрсету болды. Қонақтар тәрбиеленушілерге ойыншықтар, доптар, футбол киімдері мен тәттілер тарту етіп, балалардың қуанышына ортақтасты. Балалар полицейлерді жылы қарсы алып, кездесу достық әрі еркін атмосферада өтті.

Мұндай кездесулер тек материалдық қолдау көрсетумен шектелмейді. Олар қоғам мен полиция арасындағы сенімді нығайтып, жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруге ықпал етеді. Сонымен қатар полицейлер жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру