Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық студенттерге жолдағы жасырын қауіптер түсіндірілді

Павлодарда монтаж колледжінің студенттерімен "Абайлаңыз, балалар!" республикалық акциясы аясында жол қауіпсіздігіне арналған профилактикалық кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның негізгі мақсаты – балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу, көшедегі тәртіп мәдениетін арттыру және жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция қызметкерлері студенттерге жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін жан-жақты түсіндірді. Тәртіп сақшылары әсіресе жаз мезгілінде өзекті болатын мәселелерге тоқталды: мопед, мотокөлік және электрсамокаттарды пайдалану талаптары, жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелері, сондай-ақ көшені кесіп өту кезінде ұялы телефон мен құлаққап қолдануға қатаң тыйым салынатыны ескертілді.

Жол қауіпсіздігімен қатар, студенттермен жеке жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын бұзбау мәселелері де талқыланды.

– Осындай кездесулер жастардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға тиімді ықпал етеді, – деді Павлодар қаласы ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Алмаз Насыров.

Полиция ата-аналар мен педагогтарды жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бейжай қарамай, оларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін тұрақты түрде еске салып отыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру