Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ПД жеке құрамының көшпелі жиыны өтті

Елордада Астана қаласы полиция департаменті жеке құрамының қатысуымен көшпелі полицейлік жиын өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында заңнаманы сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында полицейлерге Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелері түсіндірілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заңдылық қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жиын барысында полиция қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі қарастырылды. Заң талаптарын сақтау, кәсіби тәсілді ұстану және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындаудың маңыздылығы атап өтілді.

Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Атанов азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімі тәртіп сақшыларының өз міндеттерін сапалы әрі адал орындауына тікелей байланысты екенін айтты.

- Әрбір қызметкер заң талаптарын басшылыққа алып, қызметтік әдепті қатаң сақтап, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындауы тиіс, — деп атап өтті ол.

Жиын соңында қызметкерлерге кәсібилік таныту, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас орнату және қоғам сенімін нығайтудың маңыздылығы тағы бір мәрте ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру