Түркіcтан облысында отбасы бірлігі мен татулықты насихаттаған шара өтті
Түркіcтан облысында отбасы бірлігі мен татулықты насихаттаған шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Республикалық "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" акциясы аясында Түркістан облысының полицейлері жастармен бірге флешмоб ұйымдастырды.
Аталған шараға оқушылар, "Отбасын қолдау" орталығы мен "Жастар" орталығының мамандары белсенді қатысып, отбасыдағы сыйластық пен бірлікті дәріптеуге бағытталған үндеулерін жеткізді.
Флешмоб барысында қатысушылар қоғамды мейірімділікке, өзара құрметке және отбасылық құндылықтарды сақтауға шақырды.
Айта кетсек, шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және отбасы институтын нығайту.
