Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзудың 300 дерегі анықталды

Абай облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзудың 300 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының көші-қон қызметі жұмыс берушілерді шетелдік жұмыс күшін тарту барысында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және заңдылық қағидаттарын нығайту – әрбір жұмыс берушінің жауапкершілігі. Шетелдік мамандарды жұмысқа тарту қосымша мүмкіндіктермен қатар, заң талаптарын мүлтіксіз орындауды талап ететін маңызды үдеріс болып табылады.

Жыл басынан бері Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзудың 300 дерегі анықталды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 41 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 97 шетел азаматы анықталды.

Абай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары  Жандос Ахметовтің айтуынша:

- Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту – тек әкімшілік жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен өзара сенімге кері әсерін тигізетін фактор. Заң талаптарын сақтау еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау шетелдік жұмыс күшін заңды негізде тартуға, еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Осыған байланысты Абай облысының полицейлері жұмыс берушілер мен шетел азаматтарын қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Заңға құрметпен қарау – қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың, өзара сенім мен тұрақты дамудың басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру