Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар арасында шағын футбол турнирі ұйымдастырылды

Арал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды салауатты өмір салтына баулу және олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық шараны "Жас-Арал" жастар қоғамдық бірлестігі өткізді.

Жарыстың ашылу салтанатына Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары Байнұр Ізмағанбетов, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Толыбай Әлжанов және Арал аудандық прокурорының аға көмекшісі Ақмарал Жанесенова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында қонақтар спорттың адам өміріндегі маңызына тоқталып, қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырды.

Турнирге барлығы төрт команда қатысып, жасыл алаңда тартысты ойын өрнегін көрсетті. Командалар жоғары дайындық деңгейін танытып, жеңіс үшін өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар мен ойыншылар арнайы марапаттармен наградталды.

Шараға қатысқан пробация есебіндегі азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

– Бүгін командамыздың жеңімпаз атанғанына өте қуаныштымын. Футболға бала кезімнен қызығамын және мектеп қабырғасынан бері осы спорт түрімен тұрақты айналысып келемін. Осындай жарыстар өзімізді көрсетуге, салауатты өмір салтын ұстануға және жақсы көңіл күй сыйлауға үлкен мүмкіндік береді. Бізге қолдау көрсетіп, осындай игі шараны ұйымдастырған азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді жарысқа қатысушы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру