Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полиция кәсіпорындарды тексерді

Екібастұзда полицейлер кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану деректерінің алдын алу мақсатында кәсіпорындарды тексерді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері Еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшесі өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану фактілерінің жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Іс-шаралар барысында өндірістік нысандар, шаруа қожалықтары және жасөспірімдердің еңбегі пайдаланылуы мүмкін өзге де кәсіпорындар тексерілді.

Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану фактілері анықталған жоқ. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуы тіркелмеді.

Полицейлер мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті. Олар кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға, заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға және жасөспірімдер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру