Атырауда жол қауіпсіздігін насихаттауға арналған автошеру өтті
Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жедел жәрдем, жолаушылар тасымалы және Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, жол қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған профилактикалық автошеру өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында жол-көлік оқиғасына ұшыраған автокөлік эвакуаторға тиеліп, қала көшелерімен жүргізілді. Бұл акция жол қозғалысына қатысушылардың назарын қауіпсіздік мәселесіне аударып, жол-көлік оқиғаларының ауыр зардаптарын көрнекі түрде көрсетуге бағытталды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласының аумағында 750-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, мыңнан астам адам түрлі дене жарақатын алған.
Осыған байланысты полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
