Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік иттердің жауапты қызметі

Кинология қызметі – полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Қызметтік иттерді кәсіби даярлау, олардың күнделікті жаттығуы және арнайы операцияларға қатысуы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кинология қызметкерлерінің бір күні таңғы таралымнан басталады. Горнизондық таралым кезінде кинолог мамандар полицейлермен бірге сап түзеп, қызметтік иттер де қатарға тұрады. Бұл – күнделікті қызметке дайындықтың алғашқы кезеңі.

Одан кейін қызметтік иттер арнайы жаттығу алаңында дайындықтан өтеді. Жаттығу барысында олардың иіс сезу қабілеті жетілдіріліп, түрлі тапсырмаларды жылдам әрі дәл орындау дағдылары қалыптастырылады. Мұндай дайындық иттердің нақты қызметтік жағдайда тиімді жұмыс істеуі үшін қажет.

Қызметтік иттер пошта арқылы жөнелтілетін сәлемдемелерді, жүктер мен түрлі заттарды тексеруге де тартылады. Арнайы дайындықтан өткен иттер олардың арасынан есірткі заттарын, жарылғыш заттарды және өзге де қауіпті заттарды анықтауға көмектеседі.

Кинологтар мен қызметтік иттер арнайы операциялар барысында да маңызды міндеттер атқарады. Мәселен, көлік құралдарын тексеру кезінде жүргізушілер заңсыз заттарды жасырып немесе тасымалдауға әрекет етуі мүмкін. Осындай жағдайларда қызметтік иттердің ерекше иіс сезу қабілеті құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпті заттарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Қызметтік иттің дайындығы – үздіксіз еңбекті талап ететін процесс. Күн сайынғы жаттығу, кинолог пен ит арасындағы өзара сенім және кәсіби шеберлік – қауіпсіздік жолындағы бірлескен жұмыстың негізі.

Кинология қызметі – төрт аяқты серіктерімен бірге заң мен тәртіпті қамтамасыз етіп, адам қауіпсіздігін қорғауға өз үлесін қосып жүрген мамандардың жауапты қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру