Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер жалпы гарнизондық саптық жиын өткізді

Астанада полиция қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қалада “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қазақ елі” монументі алаңында жалпыгарнизондық саптық жиын өтіп, оған Астана қаласы полиция департаментінің жеке құрамы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысты.

Іс-шара барысында жеке құрамға жедел жағдай жеткізіліп, негізгі міндеттер қойылып, қызмет атқарудың басым бағыттары айқындалды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға ерекше назар аударылды.

Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жеке құрам алдына қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты басым міндеттер қойылғанын атап өтті.

— Біздің басты міндетіміз — елордада тұрақты әрі қауіпсіз ахуалды қамтамасыз ету. Астана әрбір тұрғын мен қала қонағы үшін қауіпсіз қала болуы тиіс, — деді Марат Төлебаев.

Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіпті сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру