Психодиагностикалық кешенді аппаратпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
қызылорда облысында есепте тұрған азаматтар психодиагностикалық кешенді аппараттан өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық пробация қызметінде инспектор-психолог әділет капитаны Г. Жылкаманова және ЗК-169/1 мекемесінің маман-психологы А . Орынбаевпен бірлесіп пробация есебіндегі азаматтардың психологиялық мінез-құлқын анықтау мақсатында «Ақсұңқар» психодиагностикалық кешенді аппаратымен зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сотталған психологтың нұсқауымен компьютерлік нысанда тестілеуден өткізіліп, тестілеу қорытындысымен кешен автоматты түрде құрастырады. «Ақсұңқар» психодиагностикалық кешенді аппаратымен қалалық пробация есебінде тұрған 700-дей сотталған зерделеуден өтеді. Бірінші кезекте «қызыл» санаттағы, яғни қайталап қылмыс жасауға бейім сотталған азаматтар өткізілуде. Қазіргі таңда 130 сотталған зерттеу аппаратымен зерделеніп мінезделді.
Бұл шара ағымдағы жылдың ақпан айының 20-на дейін жалғаспақ.