Қызмет бабын асыра және теріс пайдалану зардабы қызметкерлерге түсіндірілді
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту және оның зардаптарын сезіндіру мақсатында жас қызметкерлер мекемеге барды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа жол
бермеу туралы» 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау және
қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың
алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен
жағдайларды азайту және оның зардаптарын сезіндіру мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаментінен патрульдік полиция, учаскелік полиция инспекторлар, жедел уәкілдер, тергеу және анықтау саласының жеке құрамынан құралған 50-ге жуық жас қызметкерлері департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесіне барды.
Айыпталушылар мен сотталушы азаматтардың тыныс-тіршілігімен
танысып, » Темір торларды» өз көздерімен көріп, қылмыстылықтың қатері
бойынша түрлі ой-пікірлермен бөлісті.Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ғ. Қ. Қаршығамен қызметкерлерге қылмыстық құқық бұзушылық, соның ішінде пара алу, спирттік ішімдік ішіп, мас күйінде автокөлік басқару, қызмет бабын асыра және теріс пайдалану және тағы басқа келеңсіз жағдайлардың зардабы «Темір тор» екендігін, жазасын өтеп жатқан азаматтардың қателіктерінен тиісті сабақ алу қажеттігі әрбір қызметкерге жеке дара түсіндірілді.