Мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды
Қызылордалық полицейлер құжаттарсыз жануарларды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін нарықтарда рейдтік іс-шара өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұрлыққа қарсы іс-
қимыл жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламаның талаптарын
орындау мақсатында ақпан айының 24-28 аралығында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын
тұлғаларды анықтау үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің
және Қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен «Мал ұрысы»
жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжаттарсыз жануарларды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін нарықтарда рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.
Облыс көлемінде орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері тексерілуде.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастамасымен барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды.
Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады. Полиция қызметкерлері мал ұрлау фактілері туралы полицияға уақытылы хабарласу қажеттігін ескертеді. Осы бағытта жұмыс жалғасуда. Бұл іс –шара барлық қала, аудандарда өткізілуде.