Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөліктердің қараңғы пленкасы шешілді

Талдықорғанда бір күн ішінде ондаған автокөлік әйнектерінің қараңғылау пленкасы шешілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері патрульдік полиция қызметкерлері Талдықорған қаласының жолдарында ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. Осылайша, автопатрульдеу барысында «Lexus» маркалы көліктің қараңғыланғаны анықталды. Жол талғамайтын көлікті басқарған жүргізуші -50 жастағы А. есімді қала тұрғыны. Тәртіп бұзушылықтың айқын болуына байланысты ол өз кінәсін еш теріске шығармады. Көліктің алдыңғы есік және артқы алдыңғы әйнектері қараңғылау пленкасымен қапталған.

– Жүргізуші өзінің бұл әрекеттерін толық мойындады және оны бірден жоюға кірісті: инспекторлардың қатысуымен ол қараңғылау пленкаларын алып тастады. Ол бұл тәртіп бұзушылықты бірден жойғанымен, жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Оқиға орнында тәртіп бұзушылық жойылмаған жағдайда, автокөлік айып тұрағына қойылады. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөліміне сәйкес айыппұл салынды. Сонымен қатар, алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Искаков.

Алматы облысының полициясы ҚР Жол жүрісі қағидаларының жүргізуші шолуын шектейтін заттарды орнатуға немесе көлік құралдарының әйнегіне жабынды немесе пленка салуға тыйым салатынын тағы да еске салады. Жол жүру ережелері – қауіпсіздік үшін қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру