Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшысы отбасыны құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшысы Рустан Ахметжанов пен СҚО бойынша ҚАЖД басшысының орынбасары Александр Кочкин Денис пен Светлана Схабиковскийларды және олардың жаңа туған балалары Артем мен Викторияны Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оларға департаменттің жеке құрамынан көмек көрсетілді. Денис Схабиковский СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданы пробация қызметінің бөлім басшысы лауазымында жұмыс істейді. Жұмыс кезінде өзін кәсіби, бастамашыл, жауапты қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсетті.

1 маусым қарсаңында Светлана Схабиковская жұбайы Денисқа оның өміріндегі басты сыйлықты жасауды шешті. Өйткені, соңғы уақытқа дейін Денис егіздердің болатынын білмеді. Ол әлі күнге дейін осы айтулы сәтті жүрегіндегі жылумен есте алады.

– Сіздің отбасыңыздың толығуымен және алдағы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерді және сіздердің балаларыңызға зор денсаулық тілеймін. Балаларыңыздың еліміздің лайықты азаматтары болуына тілектеспін!, – деп СҚО бойынша ҚАЖД басшысы  Рустан Ахметжанов құттықтады.

Денис Схабиковский алдағы уақытта да ел игілігі үшін еңбек етуге уәде берді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру